Мұрын бітілгенде үй жағдайында қолданылатын 4 әдіс

182

Мұрынның бітелуіне басты себеп – суық тию. Егер дер кезінде ем қабылдамасаңыз, асқынып мұрынның шырышты қабығының суықтауына әкеледі. Сондай-ақ пайда болу себептеріне: аллергиялық реакциялар, аденоидтар және мұрын қуысының ісіктерін жатқызуға болады.

Осы орайда мұрынның бітелуін химиялық дәрінің көмегінсіз-ақ үй жағдайында емдеуге болатын бірнеше әдісті ұсынамыз:

Алоэ шырыны

1 дана алоэ жапырағын кесіп алып, сығасыз. Дайын болған шырынды 4 тамшыдан мұрынға тамызыңыз. Емді күніне 4 рет қайталау керек.

Тұзды су

1 литр қайнаған суға 1 ас қасық ас тұзын араластырасыз. Әбден еріген кезде арнайы резіңке ыдысқа немесе инесіз шприцқа тартып аласыз да,

мұрныңызға тамызасыз. Кезектестіріп тәулігіне 6 рет жасасаңыз, 2 күн өтпей оң нәтижесін байқайсыз. Ас тұзының орнына теңіз тұзы да жарайды. Бірақ хош иісі болмауы керек.

Түймедақ тұнбасы

1 ас қасық құрғақ түймедақ үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 тамшыдан мұрынға тамызу керек. Түймедақ тұнбасы тыныс алу жолдарының қабынуына ем болады. Мұрынды ашады, бактериялық және инфекциялық вирустың көзін жояды әрі терең тыныс алуға септігін тигізеді.

Пияз шырыны

Бұл ежелден келе жатқан ем. 1 дана орташа пиязды үккіштен өткізесіз. Езілген пиязды қабатталған дәкеге салып, сығып сөлін алыңыз. Оған бірдей көлемде жылы су араластырып, мұрынға 2 тамшыдан тамызыңыз. Емді күніне 3-4 рет қайталау керек. 1-2 тамшыдан соң керемет нәтижесін байқайсыз.

https://turkystan.kz/article/222209-muryn-bitilgende-uy-zhagdayynda-koldanylatyn-4-edis/

Leave A Reply

Your email address will not be published.