«ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ

42

29 тамызы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Илебаев Лесбек Құралбайұлының Төрағалығымен, Тараз қаласының әкімі Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлының қатысуымен «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген «Президенттік жастар кадр резерві жобасын» іске асыру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, өңірдегі бір қатар мекемелердің басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Жиналысқа ішкі саясат, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және т.б. салаларындағы мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының басшылығы қатысты.
Аталған іс-шарада адамдар көп шоғырланатын (оның ішінде аэропорт, теміржол вокзалы, сауда орталықтары, қалалық коғамдық көліктер, жоғары оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, қала мен аудан деңгейдегі мектептер, кітапханалар, ауруханалар, емханалар, спорт нысандары және т.б.) орындарда келесі ақпараттарды орналастыру мәселелері қаралды: бейнероликтерді ротациялау, лэд экрандарында көрсету, баннерлерді орналастыру, аккауантардағы жарияланымдар және т. б. жұмыстар пысықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.