Салтанатты түрде ант қабылдады

62

30-тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған азаматтардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі — ант беру. Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
Ант қабылдау шарасы азаматтарға мемлекеттік қызметтің мол жауапкершілігін түсіндіру, адал қызмет етуді тәрбиелеуге бағытталған.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Ілебаев, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысы М.Мәтен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Р.Садырқұлов қатысты.
Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалармен абыройлы міндеттің жауапкершілігі, мемлекеттік қызметтің алғаш табалдырығын аттаған мамандарға Отанға адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге және мемлекеттік қызметті абыройлы атқару қажеттігі туралы айтылды.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.