Өрт сөндіруші — «Жылдың үздік Халық қаһарманы»

131
Өрт сөндірушілердің жұмысы қауіпті әрі жауапты, батылдық пен жоғары дайындықты қажет етеді. Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері күн сайын өз жұмыстары барысында өз өмірлерін қатерге тігіп, азаматтарды, сондай-ақ олардың мүлкін құтқарады. Олардың әрқайсысы біздің заманымыздың батыры.
Бүгін біз сіздерді Тараз қаласының №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысымен, азаматтық қорғау кіші сержанты Ихраров Ернұр Еранұлымен таныстырғымыз келеді. Ернұр Ихраров 2016 жылдың наурыз айынан бастап азаматтық қорғау органдарының қатарында және осы уақыт ішінде ол көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды, сонымен қатар өзін нағыз кәсіпқой маман ретінде көрсетті. Сонымен қатар, облыс аумағында ғана емес, республика аумағында да түрлі сипаттағы көптеген ауқымды өрттер мен ТЖ жоюға қатысты.
Қаңтар айындағы іс-шаралар барысында көрсеткен кәсіби шеберлігі мен батылдығының арқасында ол жақында «MEYIRIMDI ASYL ADAM» қайырымдылық қорының директоры атынан алғыс хатқа, сондай-ақ «Жылдың үздік Халық батыры» марапатқа ие болды.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.