«OLYMPIC DAY-2020»

757

«Шахристан» этно-мәдени кешені алаңында 23 маусым – Халықаралық олимпиада күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұсынған бағдарламасына сәйкес және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен «OLYMPIC DAY-2020» деген атаумен жеңіл атлетикалық жүгіріс және де қылқалам шеберлері арасында «Олимпиада балалық шақтан басталады» тақырыбында көркемсурет байқауы ұйымдастырылды.
Жоғарыда аталған жеңіл атлетикалық жүгіріс «DAY» сөзінің «А» әріпін айнала жүгіру бойынша ұйымдастырылған болатын. Жүгірісті дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы Нұрқанат Серікбаев орындады.
Бүгінгі іс-шара бойынша арнайы бейне ролик жасалынып Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетіне жолданады. Жолданған бейне ролик «Үздік Бейнеролик» атағына таласады. Сонымен қатар көркем сурет байқауында жеңіске жеткен суретші өз қаласындағы тұрғын үйлердің қабырғасына сурет салуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, еліміздің әр өңірінен келген бейнероликтер ҚР ҰОК сайтына орналастырылатын болады. Аталған сайтта дауыс беру 21 маусым сағат 10:00-ден түскі сағат 13:00-ге дейін жүргізіледі деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.