Облыстық мәслихат депутаты тұрғындарды қабылдады

42

«АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттың депутаты Әшімова Айман Серікқызы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген қала тұрғындары білім саласына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Айман Серікқызы қала тұрғындарының ұсыныстары бойынша заң аясында түсініктеме бере отырып, мәселелерін назарына алды. Тиісті мекемеге депутаттық сауал жолдап, мерзіміне сәйкес жауабын беретінін жеткізді.
Сонымен қатар, тұрмыс жағдайымен қайырылған бір тұрғынға материалдық көмегін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.