Наурыз – жаңа жыл басы

71
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі ауданымызда ауқымды түрде аталып өтті
Наурыз – жаңа жыл басы. Біз үшін бұл ең басты ұлық мереке. Наурыз мейрамынан халқымыздың бар болмысы, тарихы мен тыныс-тіршілігі, мәдениеті мен салт-дәстүрі көрініс табады.
Наурыз мерекесі жылдан жылға жоғары деңгейде тойланып келеді. Мейрам қарсаңында үлкендермен қатар, жастарымыз да ұлттық киімдер киіп, Наурызды дәріптеуде белсенділік танытуда. Олардың ұлттық құндылықтарды, қолөнерді дамытуға, салт-дәстүрді танытуға деген ниеттері қуантады.
Биыл Наурызнама онкүндігі бекітіліп, мерекелер жаңа форматта өтуде. Бұл Наурыз мейрамын насихаттауға жаңа серпін бергені анық. Бастысы, іс-шаралардың барлығы мейрамның түпкі идеологиялық мазмұнына сай етіп ұйымдастырылуы маңызды. Сонда бұл іс-шаралар азаматтарымыздың есінде ұмытылмастай боп қалары сөзсіз.
Жорабек Баубеков, Меркі ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.