Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары кімдер болып табылады?

1 026

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар:

1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;

2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;

5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік тәуекел жағдайлары орын алғанда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар және ол үшін әлеуметтік аударымдар төленетін жеке тұлға болып табылады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы.
  2. Асыраушысынан айырылу жағдайы.
  3. Жұмысынан айырылу жағдайы.
  4. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем.
  5. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.

Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

 

Аманкулов Канатжан Бахытжанович
Сарысу аудандық халыққа қызмет
көрсету бөлімінің басшысы

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.