САРЫСУДА АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

193
Ауған соғысының біздің халқымыз үшін қасіреті мен зардабы аз болған жоқ. Ауған соғысы Кеңес армиясының жауынгерлері үшін де үлкен өмір сынағы болды. Жерлестеріміз, сол тұстағы балаң жігіттер жауынгерлік, азаматтық борышына адалдық танытып, ауған даласында қайсарлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті.
Ерлеріміздің ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ортақ міндет — ол осы жауынгер азаматтарымыздың бейнесі арқылы жас ұрпақты жан-жақты, патриоттыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қай халық болмасын жау жүрек жауынгерлерінің әрқашан абыройын асқақтата білген. Ежелден келе жатқан осы қасиеті де қымбат дәстүрді қазақ халқы да бүгінге дейін жоғалтпай келеді.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде қанша уақыт өтсе де елі барда ерлер есімі ұмытылмайтындығына, ардагерлерді ардақтау азаматтық борышымыз екендігіне тоқталды. Аудан басшысы соғыста ерлікпен қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен және соғыстан кейін елге келіп қайтыс болған ардагерлердің туыстары мен жұбайларына және ортамызда аман-есен жүрген ауған соғысының ардагерлеріне сахна төрінде сый-сияпаттар табыс етті. Шара барысында мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндерді орындап, жиналғандарға мерекелік көңіл — күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.