Миллион теңге: шымкенттік полицей жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды

63

Шымкентте учаскелік полицей ішінде млн теңгесі бар жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Абай АПБ-ның «102» арнасы арқылы азаматша арызданды. Қала тұрғынының айтуынша, ол сауда орталығында жүргенде қомақты ақшасы, құжаттары мен банк карталары салынған әмиянын жоғалтып алған.

«Бір сағатқа жуық уақыт бойы өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң әйел полицейлердің көмегіне жүгінуді шешкен. Шақырту бойынша оқиға орнына №1 учаскелік пунктінің инспекторлары жетті, олар азаматшадан мән-жайды нақтылап, оның жүрген жолы бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев дүкендердің біріндегі креслоның астынан әмиян тауып алып, оны барлық заттарымен заңды иесіне қайтарып берді», – делінген хабарламада.

 

https://turkystan.kz/article/231977-million-tenge-shymkenttik-politsey-zhogalgan-emiyandy-tauyp-iesine-kaytardy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.