Облыс бойынша бірнеше жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келе жатқан «Асарлатып үй салу» жобасы біздің Меркі ауданында да жалғасын табуда.
Кеңес ауылында дәл осы дәстүр аясында тағы бір отбасы баспаналы болды.
Жалпы бұл үй Кеңес ауылында асар аясында соңғы үш жылда беріліп отырған төртінші үй. Кеңестіктер осыған дейінгі үш үйді жаңадан салып берсе, бұл жолы ақсақалдар бастаған жергілікті қауымдастықтың бірауыздан шешуімен жас отбасы Ардақ Оразов пен Дәрігүл Алуашованың отбасына дайын үй сатып алып берілді.