Шақпақтық тұрғындар да Жолдауды қолдайды

276

Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының жанындағы»Жастар рухы» жастар қанатының Атқарушы хатшысы Бақытжан Бекболат пен аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Нурила Малибекова Мемлекет басшысының «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру және насихаттау мақсатында Шақпақ ауылдық округінің өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бақытжан Бекболат Жолдауда айтылған маңызды тұстарға тоқталды.
-Президентіміз ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқан шағында халыққа өз Жолдауын жасады. Аталған Жолдауда елімізің әрі қарай дамуы үшін бірқатар маңызды бағыттар айқындалып, нақты тапсырмалар берілді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет екендігін тағы да дәлелдеп, тұрғындар көтерген әлеуметтік-маңызды салаларға да тың серпін беретін жобаларды ұсынды. Бес бағдардан тұратын стратегиялық құжат еліміздің аймақтарында қордаланған көкейкесті мәселелерді таяу уақытта шешіп, республика жұртшылығына қолайлы жағдай жасауды мақсат етіп отыр. Еліміздегі салық жүйесін жетілдірумен қатар Ұлттық қордың игілігін көру, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, адами капиталдың дамуына, заң үстемдігін орнатудың маңызына назар аударып отыр, — деді.

Әрі қарай сөз алған Нурила Малибекова Жолдауға қатысты өз ойын ортаға салып, Жолдауда айтылған мәселелерге орай ой-пікірлерімен бөлісті.

-Мемлекет басшысы: биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конститутциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғанын, еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиістігіне тоқталды.Біздің «Азамат –бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгерту керектігін баса назарға салды.
Сондай-ақ, Президент 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдерді бір жарым жасқа дейін арттыруды тапсырды.
Оған қоса ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтерілді.
Елімізде болып жатқан оң өзгерістердің барлығы Қазақстан халқына тек жарқын болашақ сыйлайтынына сенімдімін,-деді.

Бұдан бөлек жиынға қатысушылар да Қазақстанды одан әрі дамытуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салаларды нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және саяси трансформацияны іске асыруға бағытталған Президентіміздің бастамаларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.