Мереке мезіретіндегі марапат

48

25-қазан Республика күні мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов бірқатар азаматтарға құрмет көрсетіп, партия Төрағасы Ерлан Қошанов пен Жамбыл облысының Құрмет грамоталарын табыс етті. Сондай-ақ, еліміздің дамуы мен партиямыздың алдында тұрған мақсат-міндеттерін орындауда үлесін қосып жүрген партияластарды «AMANAT» партиясының жоғарғы марапаты «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Айта кетейік, осынау елдіктің еңселі мерекесі қарсаңында партия қатары белсенді азаматтармен толықты. Оларға да салтанатты түрде партия билеттері мен төсбелгілерін табыс етілді. Өз кезегінде Дауыл Ынтықбайұлы жаңа мүшелерге алдағы уақытта партияның бағдарламалық мақсаттарын орындауға өз үлестерін қосатанына сенім білдірді.

Жиында аманаттықтар 2008 жылдың мамырынан күні бүгінге дейін «AМANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының заңгер консультанты қызметін абыроймен атқарған Шора Кенжебаевты Құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Филиал төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы Шора Шұғайұлының облыстың саяси-қоғамдық өміріні мен партияның дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, ізгі ниетін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.