Ақтауда ер адамның үстінен лифт құлап, оқиға орнында көз жұмды (видео)

84

Фото: Бейнеден алынды

Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін түнгі сағат 01:10-да 3-шағын аудандағы ғимараттардың бірінде болған. Ер адамның үстінен лифт құлап, оқиға орнында көз жұмды.

«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) Ақтау қаласы полиция басқармасына тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», — деп хабарлады облыстық полиция.

https://stan.kz/aktauda-er-adamnin-ustinen-lift-kylap-okiga-orninda-koz-390138/

Leave A Reply

Your email address will not be published.