Ардагерлер арасындағы қолөнер байқауы

99

Республика күніне орай Тараз қаласы әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында «Қолөнері» байқауы өтті.
Шараның ашылуында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз алып, жылы лебізін білдірді.

– 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, стратегиялық мақсат-міндеттеріміз айқындалды. Бұл еліміздің тәуелсіздігі жолындағы тұңғыш қадам болды. Сондықтан да бұл мерекенің тағылымы терең, мәні зор.
Айшықты азаттығымыздың арқасында ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен насихаттауға жол ашылды. Міне бүгін ұйымдастырылып отырған «Қолөнер» байқауы – осының жарқын мысалы.
Бұл байқаудың мақсаты
ата әжелеріміздің ұмыт болып бара жатқан қол өнерін жастар арасында наисхаттап, келер ұрпаққа мұра етіп, дүниежүзіне қазақтың қол өнерін паш ету, – деген Дәуір Рысбайұлы қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.

Бейнелеу және сәндік қолтаңбалы өнер бойынша талантты ардагерлерді анықтап, олардың шығармашылығын қолдау және дамытуды мақсат тұтқан шара барысында қатысушылар тамаша қолөнер туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

Байқаудың нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.