МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ

106
Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылығымен 2024 жылдың 5 — наурызында Тараз қаласы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спор сарайында 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мемлекеттік әйел қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасын ұйымдастырды.
Аталған спартакиаданың басты мақсаты мемлекеттік әйел қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік әйел қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, достық қарым-қатынас орнату және 8- наурыз халықаралық әйелдеркүні мерекесін спорт арқылы атап өту болып табылады. Жарысқа облыс, Тараз қаласы мен аудандардағы мемлекеттік органдардың әйел қызметкерлері арасынан жасақталған 15 команда барлығы 217 қызметші қатысты. Спартакиада 8 спорт түрінен өтті : үстел теннисі, жеңіл атлетика, дартс, секірмек, жүзу, дойбы, армрестлинг және бес асық. Жалпы командалық есепте І орын – Байзақ ауданы, ІІ орын- Шу ауданы, ІІІ орын- ҚР ҚМ ҚК Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаменті иеленді. Орын алған командалар кубок, медальдар және дипломдармен марапатталды.

Jambyl Sport

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.