Таразда мектеп-гимназияның жаңа ғимараты пайдалануға берілді

756

1 қыркүйек Білім күніне орай Жамбыл облысында 9 жаңа мектепте алғашқы қоңырау сыңғыры естілді. Осылайша жаңа оқу жылынан бастап облыстағы бұған дейін үш ауысымда жұмыс істеп келген 3 мектеп пен 3 апатты жағдайдағы мектептің мәселелері шешілді.

Осы күні N24 мектеп гимназияда екі бірдей қуаныш орын алды. Оның бірі — оқушылар бүгін жаңа оқу жылымен қауышса, екініншісі — мұнда 300 орындық су жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Жұртшылықты осындай игі іспен құттықтаған облыс əкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев биыл өңір мектептерінің құрылысына 5 миллард теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтады.
— Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жолдауларынан туындайтын міндеттерге сəйкес облыста жаңа білім нысандарын салу бағытындағы жұмыстар облыста қарқынды жүзеге асырылуда. Мəселен биыл 14 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілді. Соның арқасында жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілді. оның ішінле үшеуі апатты жағдайдағы мектеп болса, тағы осыншамасы үш ауысымдағы, қалғаны оқушы орны тапшылығы бар білім мекемесі болатын. Бүгін N 24 мектеп гимназиясының жанынан жапсарлас соғылған ғимарат құрылысы республикалық бюджет есебінен жүргізілді.
Құрметті ұстаздар, аиа-аналар. Жас ұрпақтың сапалы біоім, жан-жақты тəрбие алуына жағдай жасау біздің басты міндетіміз. Жыл сайын біоім саоасын қаржыландыру көлемі ариып, мектептердің материалдық-техникалық базасы Жақсарып келеді. Бұл Мемлект басшысы Н.Назарбаевтың тікелей қамқорлығының нəтижесі. Жаңа оқу жылымен тұспа тұс келген қуаныштарыңыз құтты болсын, — деді Е.Дауылбаев.
Салтанатты шарада ғимарат құрылысын жүргізген мердігер компания «Astana UP» ЖШС бас инженері Владимир Понченко құттықтау сөз сөйлеп, аталған мектеп-гимназияның директоры Марина Глатченкоға ғимарат кілтін табыс етті.
Жиын барысында Е. Дауылбаев ғимарат ішін аралап, сынып бөлмелерімен танысты.
Жалпы, мұнда 1403 оқушы екі ауысымла білім алса, оның 175-і білім бағының табалдырығын биыл аттап тұр. турасын айтқанда жеті бірдей сынып жаңалан ашылып отыр.
Бұрын бұл мектепте асхана деген атымен болмаған екен. Осы мəселе жаңа ғимараттың салынуы есебінен өз шешімін тапқанын айта кетуіміз керек. Спорт зал мен акт зал да заман талабына сай салынып, жабдықталған. əрбір сынып бөлмелеріне интерактивті тақта қойылған. Орыс тілінде білім беретін мекемелегі тағы бір ауқымды жаңалық — қазақ жəне орыс тіліндегі екі бірдей ленго кабинеттің ашылуы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.