Марапат құтты болсын, ҚОС АҒА!

122
Атам қазақтың «алақан» деген бір тамаша сөзі бар. Дүниедегі ең ғажайып мейірім – аналардың алақанында. Ал енді алдыңғы толқын ағалардың ізгі жүректі, игі тілегі ше?
Тіптен, мейлі, жеке басыңа арнап жасаған жақсылығы болмаса да мына дүниеде жақсы адамдардың, жақсы ағалардың көп екені де рас. Ал жан-жағына жақсының шарапаты тимей қоймайды.
Қазақтың «аға» деген сөзінде бір жылы шуақ, ерекше қасиет бар. Ағалар болмысынан, сипатынан әрқашан көктемдей көңіл кеңдігін сезінбейтін кезіміз болмас. Жолында жақсы ағалар көп ұшырасқан адамның жолы болғыш келеді.
Жақсы ағалар жасаған жақсылығын ешқашан бұлдамайды. Олар қамқор алақанымен алқаған інілер, кейінгі толқын жастар осындайда аға үмітін ақтауға, алдамауға тырысып, биіктерге талпынып ұмтылады.
Жо-жоқ, біз аға дегенде қандас, бірге туған бауыр туыстықты айтып тұрған жоқпыз. Қазақ дәстүрінде жақсы адамдар өзінен жасы кішілердің бәріне аға. Мұндай ағалар ешкімді елге, жерге бөліп алаламайды.
Тек ісіне, сөзіне, ізгілігіне, таланты мен талабына, дарыны мен қарымына қарайды. Ағалардың бір ауыз жылы сөзі, саған деген сенімі қанаттандырады, титтей талабыңды таудай қылады, алдыңнан алыс қияндарға, бақытты болашақтарға бастайтын ақ жол ашады.
Қазақ салтында аға мен іні, қарындас арасындағы ақ шуақты, алтын арқаулы дәнекер ешқашан үзілмеген. Жасы үлкен, жолы үлкен ағаларды дәйім құрметтеп сыйлаған.
Менің де қасиетті Сарысуда тумаса да туғандай болған, ерекше құрмет тұтып, үлгі-өнеге алатын ағаларым, жаратылысы бөлек ерекше тұлғаларым бар.
Солардың бірегейі Сахарап Қырғызбаев пен Болат Үсембаев.
Бүкіл саналы ғұмырында бірі білім, екіншісі әлеуметтік жұмыспен қамту саласында еңбек етіп, ауданның дамуында ойып тұрып орын алған кісілер десек те артықтық етпес.
«Жастығымда бейнет бер,. Қартайғанда зейнет бер!», -деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, қос ағамның зейнетке шыққан соң қоғамда қадірлері, ағайын-туыс, отбасына абыройлы екеніне ел куә.
Абыройлары асқақ, жүректері мейірімге, көкіректері бүгін «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен жарқыраған елағаларына марапат құтты, дендеріңіз сау, ұрпақ қуанышына кенеліп, болашақ жастарға берер үлгі-өнегелеріңіз мол болғай дейміз!!!

Leave A Reply

Your email address will not be published.