Таразда халықаралық турнир өтті

107
Тараз қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылған мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған еркін күрестен ересектер арасында дәстүрлі халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Білектіде, жүректі балуандар 57 кг, 61 кг, 65 кг, 70 кг, 74 кг, 79 кг, 86 кг, 92 кг, 97 кг және аса ауыр 125 келі салмақта жүлделерді сарапқа салған-ды.
✅Айта кетейік, аталған байрақты додада Қазақстан Республикасының және АҚШ, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Бахрейн, Мажарстан құрамаларының боз кілем шеберлері бақ сынаған болатын.
⏳Еркін күрестен дәстүрлі халықаралық турнирде әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған балуан 4000 АҚШ долларын иеленсе, күміс жүлдегер 2000-ға ал қос қола медаль иегерлері 500 АҚШ долларын қанжығалады, сондай-ақ чемпионның бапкеріне 500 АҚШ доллары бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.