Қызылорда облысында 2 жасар сәби құдыққа құлап, көз жұмды

52

Қызылорда облысында қайғылы оқиға салдарынан екі жасар сәби көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

«24 наурыз күні Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында 2021 жылы туған бала тұрғын үйдің ауласындағы құдыққа құлап, мерт болды», – деп хабарлады Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Белгілі болғандай, сол күні Қандөз ауылында болған ана мен бала жергілікті тұрғындар болмаған.

«Ана мен бала Түркістан облысы Сауран ауданы Балтакөл ауылынан Қандөз ауылына қонаққа барған», – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, сәби қараусыз қалған.

https://turkystan.kz/article/217974-kyzylorda-oblysynda-2-zhasar-sebi-kudykka-kulap-koz-zhumdy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.