Алматы облысының судьясы тергеуге алынды

58
Алматы облысының судьясы мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясы мен мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінген.
«Олар салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.
Ведомство өзге ақпаратты жариялауға заң бойынша тыйым салынатынын мәлімдеді.
https://turkystan.kz/article/217976-almaty-oblysynyn-sudyasy-tergeuge-alyndy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.