Құрылыс жұмыстары партия назарында

111

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшелері Тараз қаласы,  «Ұлы Дала» мөлтек ауданында салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Білім нысанының құрылысын «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізуде. Іргетасы 2022 жылдың 22 сәуірінде басталған құрылыс жұмыстары белгіленген кестеден 20 күнге кешігуде. Серіктестік өкілі мұның себебін ауа-райының қолайсыз болуымен түсіндірді.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері құрылысшылардың техникалық талаптарды сақтамағанын анықтады. Яғни, серіктестік басшылары құрылысшылардың арнайы каска және аяқ киімдермен жүруін назарға алмаған.

Бұдан өзге, білім нысанын жоспарлағанда ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған пандус қарастырмаған. Бұл кемшіліктер бойынша «AMANAT» партиясы құзырлы органдарға ұсыныс жолдайтын болады.

Келесі кезекте кеңес мүшелері аталған мөлтек аудандағы тағы бір 1200 орындық мектеп құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Ондағы жұмысты «Агроспецстрой» ЖШС жүргізуде. Өткен жылдың сәуірінде басталған құрылыс 30 желтоқсанда толығымен аяқталуы тиіс.

Дегенмен мұндағы жұмыс жоспар бойынша келеді. Бүгінгі күні ғимараттың шатыры жабылып, ішкі жұмыстар басталып кеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.