ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР!

86
Өңірімізде инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ірі кәсіпорындар өндіретін шикізат негізінде дайын өнім шығаратын көптеген шағын және орта өндірістерді іске асыру маңызды.
Ауқымды өндірісті жолға қоя отырып, біз жергілікті кәсіпкерлерге облыстың, еліміздің сұранысын қамтамасыз ететін тауарлар өндіру үшін жағдай жасай аламыз.
Бұл туралы жақында Yildirim Holding бас директоры Исмаил Джейланмен, «Qazaq Soda» ЖШС (сода шығаратын зауыт) директоры Рамазан Ибраимовпен кездесу барысында айтылған болатын.
Ішкі нарықтың қажеттілігін, облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін ескере отырып, түрік компаниясы 8 жобаны ұсынып отыр. Олар: көмірмен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін электр станциясын салу, әк, ас содасы, каустикалық сода өндіретін шағын кәсіпорындар, шыны ыдыстар зауытын, кальций хлориді, натрий силикаты, «К3 дәрумені» жемшөп қоспасын алу өндірістері.
Yildirim Holding компаниясы жамбылдық кәсіпкерлерге өз тәжірибелерімен бөлісуге және өндіріс технологиясын жолға қоюға, өнімді пайдалануға беруге көмек көрсетуге дайын.
Ұсынылған жобалардың барлығын салалық басқармалар жан-жақты зерделейтін болады.
Осы орайда Жамбыл облысының кәсіпкерлеріне белсене атсалысуға және облыс экономикасының дамуына өз үлесін қосуға шақырамын. Көңіл көтеру нысандарынан қарағанда, қоғамға пайдалы және жас ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз ететін кәсіпорындарды жүзеге асыру – аса маңызды.
Біз білікті кадрларды даярлау, өнімді өткеру мәселелерін бірлескен күш-жігермен шешетін боламыз. Жергілікті билік тарапынан қажетті көмек көрсету жалғаса береді

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.