Балаларға қатысты кез-келген зорлық зомбылыққа берілетін жазаны күшейту мәселесі талқыланды

89

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының кезекті басқосуы өтті. Шарада балаларға қатысты кез-келген зорлық зомбылыққа берілетін жазаны күшейту мәселесін талқыланды.

Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, жоғарғы оқу орындары мен колледж және мектеп директорлары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар қатысты.

Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Осы орайда, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Керімбеков кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алу мақсатында облыстың барлық мектептері «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесіне қосылғанын тілге тиек етіп, аталған ақпараттық жүйенің QR кодтары облыс мектептеріне ілінгенін жеткізді.

Ал Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев биылғы жылдың 9 айында олардың қатысуымен 70 қылмыстық іс қозғалған болса, олардың көпшілігі колледж студенттерінің қатысуымен болғанын жеткізді. Айта кетерлігі, 70 қылмыстың 23-і жыныстық қатынасқа байланысты.

Бұдан өзге, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының директоры, облыстық мәслихаттың директоры Эльмира Қойлыбаева балалардың тәрбиесі мектеп мұғалімдері мен ата-аналарға ортақ екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол балаларды тәрбиелеуде қолға алынған жобаларға кеңінен тоқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.