ҚР Полиция күнінде ҚАЖ қызметкерлері марапатталды

57

ҚР Полиция күніне орай ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемесінің қызметкерлері марапатталды.
23 маусым – Қазақстан Республикасы Полиция күніне орай ҚАЖ департаменті қызметкерлеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара барысында құқық қорғау саласында қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі жоғары бағаланып, бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Салтанатты жиында департаментке қарасты №25 мекеме қызметкерлері марапаттарға ие болды. Солардың қатарында Алғыс хатпен марапатталғандар:

Әділет капитаны Абдіқаппаров Жансерік;
Әділет капитаны Байтуғанов Самат;
Әділет майоры Түсіпбеков Төрехан.
Марапат иелерінің кәсіби біліктілігі, қызметтік міндеттерін адал атқаруы және заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы еңбегі ерекше аталып өтті.
Мерекелік концерт қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сала қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапты қызметіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Марапат иелерін алған марапаттарымен құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық және жаңа жетістіктер тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.