ҚР ІІМ Қостанай Академиясына оқуға шақырды

68

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінің қызметкерлері Тараз қалалық М.Мақатаев атындағы №14 мектептің оқушылары арасында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.

Мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына қабылдау тәртібі мен талаптары таныстырылды. Академия туралы ақпарат презентациялар, бейне жүгіртпелер және деректі фильм түрінде ұсынылды. Сонымен қатар Академияның қазіргі таңдағы жетістіктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Оқушыларда оқу орнына түсуге қатысты мәнді де орынды сұрақтар болды. Бұл сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.