ҚОРҚЫТТЫҢ ҚОБЫЗЫНАН ШЕРАҒАҢНЫҢ ҚОБЫЗЫНА ДЕЙІН

304
-Шерағаңның қобызы, — деді. Қайраткер-қаламгердің ыңылдап ән салғанын естігем. Ұзақ жолда қазақ, қырғыз, татар әндерінің кейбір шумақтарын өзіне ғана тән үнімен айтып отыратын. Бірақ Қорқыь пен Ықыластан қалған қара қобызды қолына алып, зарлатқанын көргем жоқ. Есесіне халқының мұңы мен шерін қара сөзбен гөй-гөйлетті. Сондықтан мына қобыз Шерағаңа сый ретінде ұсынылған жәдігер шығар деп топшыладым. Кім сыйласа да білікті біреу болу керек. Өйткені қазақтың көкейіндегі қайғыны да, қуанышты да бөлісетін қара қобыз бен қара сөз ғой.
Әйтпесе Шерағаң » Қорқыттың қобызы» деп неге толғанды дейсің? Тыңдаңыздар…
«Қорқыттың қобызы сарнап тұрғанда ажал оған жолаған жоқ. Аулақ жүрді. Қорқыт әлдеқалай қалғып кетіп, қобызы тартылмай қалып еді, жылан шағып өлтірді.
Демек, өнер, әдебиет — рухани дүние тоқтаса, асағаны ақ май болса да, қоғам өледі.
Осыны әсіресе қазіргі атқамінерлер ескере бермейді.
Қоғамның ең кедей тобы жазушылар, журналистер, суретшілер, композиторлар, әртістер, яғни мемлекеттік бюджеттен аластатылып тасталғандар.
Әсіресе нағыз таланттарға қиянат. Дарынсыз аоамшөптерге бұл тәсіл керек те шығар.
Бірақ құммен бірге алтын түйіршіктерін де лақтырып тастау — имансыздың ісі.
Бір кем дүние».
Шерағаңның қобыз сарынына ұқсас қара сөзі осылай сарнап, осылай зарлайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.