Сарысу ауданында екі амбулатория бой көтерді

227
Денсаулық сақтау саласы бойынша бүгін бірнеше жаңалықтар орын алып отыр. Соның бірі Сарысу ауданына қарасты Тоғызкент және Әбілда ауылдарында жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Құрылыс жұмыстарына 242 млн. тг қаржыны құраған ғимарттар заман талабына сай жабдықталған.
✅2139 тұрғыны бар Тоғызкент ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда 8 медицина қызметкері жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 30 төсек орынға арналған күндізгі емдеу бөлімі ашылған, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, 138 тұрғыны бар Әбілда елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория 5 келушіге арналған . Уақыт талабына сай салынған нысанда алғашқы медециналық-санитариялық көмек көрсетуге қажетті барлық жағдайлар жасалып, 1 адам жұмыспен қамтылып отыр.
⏳Нысанның ашылу салтанатына аудан əкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
☑️«Кез келген мемлекеттің басты байлығы халық болса, халықтың баға жетпес байлығы ол — денсаулық. Ендеше, жаңа нысанда ақ желеңді абзал жандарымыз тұрғындарға денсаулықтың маңызын насихаттап, оны қорғау бағытында жалықпай еңбек етеді деп сенім білдіреміз»,-деді Марат Сұлтанғалиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.