Хостелдегі өрт: 13 адам қаза тапты

163

Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минут ішінде келді. Өрт сөндірушілер келген кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жанып жатты. Тұрғын үйдің 1-қабаты мен  жертөле үй-жайы хостел ретінде қайта жабдықталған. Өрттің жалпы  алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайды.

Қабылданған шаралармен өрт сағат 06:22-де сөндірілді. Өртті барлау және сөндіру барысында алдын ала 13 адам қаза тапты, жеке бас мәліметтері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша улы газбен улану салдарынан қайтыс болған.

  • Алдын ала мәлімет бойынша хостелде 72 адам болған. Оның 59-ы өздігінен эвакуацияланды.
  • Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.
  • Өрт пен адамдардың қайтыс болу себебі анықталуда.

zhambylokq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.