Әрбір азаматтың өтініші маңызды

97
Бүгін Тараз қаласының бірқатар тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдадым. Қабылдауға келген тұрғындар жер кезегі, балалар ойын алаңын салу, көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтерді. Сондай-ақ азаматтардың Ауған соғысында қаза болған боздақтарға ескерткіш салып беру мен тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу мәселесі туралы да ұсыныс-талаптарын тыңдадым.
Қабылдауға келген әрбір тұрғынның сауалын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айттым.
Сонымен қатар, күні кеше қаланың 10 азаматын жеке және әлеуметтік мәселелер жөніндегі сауалдарымен қабылдаған болатынмын.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.