КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС

58
Көктем шыға салысымен диқандар үшін қауырт науқанның басталатыны белгілі. Несібесін жерден жинайтын шаруалар қауымының бел жазбай еңбек ететіні де дәл осы кез. Сондықтан да көктемгі егіс жұмыстарына алдын ала қамданып, ықтимал мәселелердің алдын алған дұрыс. Осыған байланысты, аудандық аппараттық кеңесте жауапты бөлімнің көктемгі дала жұмыстарына дайындығын пысықталып, алдағы жұмыс жоспары нақтыланды.
Одан бөлек, аса қауіпті жұқпалы аурулар және екпемен басқарылатын инфекциялардың алдын алу бойынша да бірқатар мекемелердің басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыс пен нақты нәтижеге тоқталды. Әсіресе, бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған Конго-қырым геморрагиялық қызбасымен күрес жұмыстары, елді мекендерде жүргізілетін дезинфекциялық жұмыстар, кенеге қарсы дәрілік заттардың көлемі, халықты кең көлемде ақпараттандыру сынды мәселелер жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ, кеңес барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің атқарған жұмыстары, алдағы жоспары мен түйткілді мәселелері қаралып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.