Қазақстанда мектеп дәретханалары жабық кабиналармен және қағазбен жабдықталмақ

53

Фото: pixabay.com

“…дәретханалар, қолжуғыштар, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы, дәретхана қағазын ұстағыштар, қоқыс жәшіктері. Мектепалды даярлық сыныптары үшін балалар дәретханалар орнатылады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған дәретхана есіктері құлыпталатын жабық кабиналарға орналастырылады”, – делінген құжатта.

Түзету жобасы ата-аналардың шағымына байланысты дайындалған. Ата-аналар дәретхананың құлыпталмайтынын, дәретхана қағазының жоқтығын айтып шағымданған болатын.

«Бұл талаптар қатаң талаптар емес, нақтылау үшін ұсынылуда. Бұл ұсыныстар халықаралық мектеп стандарттарын, сондай-ақ ДДҰ-ның тиісті талаптарын ескере отырып дайындалды», — делінген ақпаратта.

https://stan.kz/kazakstanda-mektep-darethanalari-zhabik-kabinalarmen-zh-389595/

Leave A Reply

Your email address will not be published.