«Абыройыма нұқсан келтіре алмайсыздар»: Сабина Алтынбекова өзінің хейтерлеріне жауап берді

73

Фото: instagram.com/altynbekova_20

Спортшы әлеуметік желідегі парақшасында өзіне тағылған айыптауларға қатысты пікір білдіріп, бұл әрекеттің барлығын жетістігін көреалмайтын адамдардың жасап жүргенін айтты.

«Қызғаншақ адам пешті жағып, өзін сол отқа тастаған адам сияқты. Көреалмаушылық – көп қиыншылықтың себебі. Көреалмаушылық адамның жүрегін қарайтып, бақытсыз етеді, өйткені оның жүрегі көреалмайтын адамы өзіне берілген жақсылықтан айырылғанда ғана тыныштық табады.

Сондықтан мен белгілі бір адамдарға өтініш білдіремін,  сіз менің жолымды жабуға тырысып, бүлдіргеннен, кейбір БАҚ-ты сатып алып, кейбір адамдарға арыз жазу үшін пара бергеніңізден менің өмірім өзгермейді. Менің абыройыма нұқсан келтіре алмайсыздар, өйткені ақылды адамдар барлығын түсінеді. Сіздер әрекеттеріңізбен менің өмірімді бүлдіруге тырысып жатқанда, мен барлығын өз пайдам үшін пайдаланамын», – делінген Сабина Алтынбекованын жазбасында.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың онлайн курстарына көңілі толмаған оқырмандары полицияға шағым түсіріп, ақшаларын қайтаруды талап еткені туралы жазған болатынбыз.

https://stan.kz/tanimal-kazakstandik-voleybolshi-sabina-altinbekova-ozi-389596/

Leave A Reply

Your email address will not be published.