ҚАТЕ ЕСЕПТЕЛГЕН СОМАЛАРДЫ ҚАЙТАРУ БОЙЫНША ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕР

70
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша жаңа қызметтер жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Соманы қайтару туралы өтінішті Порталда жұмыс берушінің өзі ақша кате есептелген қызметкерлердің атына жібереді. Міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару үшін бір өтініште тек 10 қызметкерге дейін бере алады. Егер сома одан да көп адамдарға түскен болса, онда тағы біреуін толтыру керек.
Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару бойынша өтініш беру процесі ұқсас, бірақ бұл қызметте өтініш беруші бір уақытта 20 қызметкерге дейін өтініш бере алады.
Жаңа қызметтер «Азаматтарға» — «Әлеуметтік қамтамасыз ету» — «Зейнетақымен қатамасыз ету» бөлімінде қолжетімді. Өтініш беру үшін пайдалушыға:
авторизациядан өту қажет;
жұмыс берушінің БСК мен ЖСК енгізу керек;
«Төлем тапсырмасының деректемелерін» көрсету керек;
көрсетілген деректерді тексеру;
қайтаруды жүзеге асыратын қызметкерлерді таңдау;
қайтару сомасын және қайтару себебін көрсету;
«Ақша қаражатын қайтаруға арналған деректемелерді» көрсету;
таңдалған қызметкерлерге келісу туралы өтініш жіберу керек.
Қызметкерлерге (соманы қате есептегендерге) eGov.kz порталының жеке кабинетінде өтінімге келісім беріп, қол қою қажет. Содан кейін өтініш берушіге мәртебелік бетте өтінімге қол қойып, өтінішті өңдеу нәтижесін күту керек.

 

Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.