Қарт адамдардың айлық зейнетақыларын үйлеріне барып тарату акциясы өтті

168

Қазірга таңда әлемде COVID-19 пандемиясына қарсы карантин жариялануына орай, Жамбыл облысына да шектеу шаралары енгізілді. Сауда үйлері мен саябақтар, моншалар, сән салондары мен киім базарлары жабылды.

Осыған байланысты қаламыздағы ірі кинотеатрлардың бірі – Astana Park- те өз жұмысын уақытша тоқтатты. Кинотеатр иесі Олжас Қуандық кәсібінің жабылғанына аса қатты уайымдамайды. Керісінше әлемді жаулаған індетті бірге тоқтатуға атсалысып жүр. Қарттардың айлық зейнетақысын өзінің жеке автокөлігімен үйлеріне апарып беруге көмектесуде. Аталған шараның маңыздылығын ескере отырып, О. Қуандық қаламыздағы барша кәсіпкерді жастардың тірегі-қарттарымыздың денсаулығын сақтай отыра халықпен әрдайым бірге екендігін баса көрсетіп, олардың мұң мұқтажын орындауға өңіріміздегі белсенді азаматтарды шақырады. Қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары Әлібек Мұратбаев, кәсіпкер Нұржан Тұрдиев, Алия Арзымбетова және қоғамдық ұйымдардың көшбасшысы Ғабиден Исатай да аталған акцияны қолдайды. Қарттардың айлық зейнетақысын қаланың бұрыш бұрышына апарып беру үшін 20 көлік тартылды және бұл акцияға BMW автоклуб қатысушылары демеушілік көрсетті.

Сонымен қатар, волонтерлар ата-әжелердің анкетасын жинақтап, алдағы уақытта көмекке мұқтаж қарттарға қол ұшын созып, көмек көрсетіп тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.