КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

87
Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Серікқызының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссияның күн тәртібінде — аудандық прокуратураның Талас ауданы аумағында орналасқан мектептерде, колледждерде мобильдік топтарды құру және жетекшілер мен мүшелерді бекіту туралы өкіміне сәйкес құрылған мобильдік топтың жұмысын қарау.
Сондай -ақ, аудандағы көпбалалы жайсыз отбасының мәселесі мен оған әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету сұрақтары қаралды.
Жиын барысында комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселені талқылап, оңтайлы шешімдер қабылдады.
Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Комиссия төрағасы кәмелетке толмаған әр жасөспірімнің қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаздардың ұдайы назарында болуын және олардың арасында құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда комиссия дереу шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін жеткізді.

 

Мақсат Арапұлы Қазанғапов

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.