«Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді

28

Жамбыл обылысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеген 2 азаматтың бостандыққа шығуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді.

Аталған шараға Тараз қаласы «Мансап» орталығының бас маманы Мұрат Әмреев, Тараз қаласы №1 пробация қызметінің бастығы Айбек Ниязымбетов және мекеменің тұрмыстық және еңбекпен қамту инспекторы Нұржан Ташкеев қатысты.

Басқосу барысында босатылған азаматтарға еркіндіктегі өмір жағдайына қалыптасып, қайта қылмыс жасамай, сыртқы ортаға бейімделуіне құқықтық және әлеуметтік көмектер көрсетілетіні жөнінде түсінік берілді.

Азаматтар өздерінің алға қойған мақсаты бар екенін, алдағы уақытта қайта қылмыс жасамайтындарын айтып, заң алдында адал өмір сүруге уәделерін берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.