Иесіз үйден өрт шығып, 60-тан астам адам қаза тапты

294

Йоханнесбургте үйсіз адамдар мекендеген ғимарат өртенді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында болған өрттен 60-тан астам адам қаза тапты. Оның ішінде бір бала бар.

Бейсенбіге қараған түні бес қабатты ғимаратта өрт тұтанған.

Иесіз қалған үйде 200-ден астам үйсіз адам заңсыз тұрып жатқан болатын. 40-тан астам тұрғын ауруханаға жеткізілді.

Өрт бірнеше сағаттың ішінде сөндірілді. Бірақ ғимарат ішінде адамдарды іздеу жалғасып жатыр.

Өрттің тұтану себебі әзірге белгісіз.

Еске салайық, Қостанайда жаңа туылған сәби өрт болған үйде қалып қойғанын хабарлаған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.