Face ID технологиясы көрсетілетін қызметтерді тіркеуді және пайдалануды жеңілдетеді, сондай-ақ деректерді қол сұғушылықтан қорғайды. Сіз бейне сәйкестендіруден оңай өтіп, бірнеше көрсетілетін қызметтерді egov.kz қосымшасында пайдалана аласыз.
Верификациядан өту үшін eGov mobile-да келесі қадамдардан өтулеріңізді сұраймыз:
- «тіркеу (мобильді азаматтар базасы немесе сіз-МАБ/ЭЦҚ қосымшасынан көре аласыз)» таңдаңыз
- SMS-тен телефон нөмірін және кодты енгізіңіз
- бейне тексеруден өтіңіз
- жеке куәліктің нөмірін және туған күнін енгізіңіз
- пароль ойлап тауып, email-ді енгізіңіз
- Сіздің телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында автоматты түрде тіркеледі және ЭЦҚ-мен қалыптастырылады.
Жыл басынан бері eGov mobile-да 4,8 миллион ЭЦҚ шығарылған.
Біз сізге ыңғайлы болу үшін қолжетімді көрсетілетін қызметтердің санын үнемі арттырамыз.
Жаңартылғандарды қадағалаңыз!
Қосымша Play Market және App Store — да қолжетімді. Кіру бойынша және басқа мәліметтерді, бұрын АО «Национальные информационные технологии» nitec_kz және Портал Egov.kz парақшаларында шыққан посттары арқылы көре аласыз.
Венера Байболова,
ХҚКО 4 бөлім маманы