МАБ-да тіркелген нөмір өзгерсе не істеу керек?

145

Сіз МАБ-да тіркелудің арқасында eGov.kz порталында авторизациядан өту үшін смс хабарламаларды ала аласыз. Егер де сіз телефон нөмірін өзгерткен болсаңыз, не істеу керек?

Сіз ХҚКО қызметкерінің өзгерістер енгізуі үшін виртуалды ассистентке жүгіне аласыз немесе нөмірді өз бетіңізше өзгерте аласыз. Ол үшін сізге:
▫️eGov.kz порталында ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өту
▫️Жеке кабинетте телефон нөмірінің жанындағы «редакциялау» дегенді басу
▫️Телефон нөмірін өзгерту
▫️Жаңа нөмірге түскен смс енгізу
▫️ЭЦҚ көмегімен өзгертуге қол қою қажет.

Сіздің нөміріңіз Жеке кабинетте және МАБ-да автоматты түрде өзгереді. Айта кетейік, МАБ-да бір адамға бір ғана нөмір тіркелуі мүмкін.

Венера Байболова,

ХҚКО 4 бөлім маманы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.