Діни қызметкер жазасын өтеушілермен жүздесті

61

«Шымкент және Тараз Епархиясы Покров Божией Матери храмының приходы» Жергілікті православиелік діни бірлестігінің діни қызметкері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №25 мекемесіндегі сотталғандармен кездесті. Кездесуде дін өкілі «Знания своей веры»тақырыбында тәрбиелік сұхбат өткізіп, насихат жұмысын жүргізді.

Жазасын өтеушілер осы жүздесу барысында өздерінің жасаған күнәларына өкінетіндерін, тәубеге келу арқылы өз күнәларынан арылғысы келетіндерін айтты.
Кездесу соңында шіркеу қызметшісі алдағы уақытта христиан дінінің православ бағытын ұстанушы сотталғандарды күнәларынан арылту үшін діни рәсімдер жасайтынын жеткізді.

«Әрбір адам қателікке бой алдырады және соның салдарынан күнә жасайды. Біз де өзіміз жасаған қателіктеріміздің салдарынан жаза өтеп жатырмыз. Алайда, дін саласының қызметкерлері келіп тұрса, біз олармен әңгімелесу арқылы біраз жеңілдеп қаламыз. Сондықтан да қай дін өкілі болмасын адам тәубеге келу үшін, оған дұрыс жол көрсететін адам керек. Біз де тәубемізге келіп, жаратқанға жалбарыну үшін тура жолды көрсететін шіркеу қызметкерінің жиі келуін тағатсыздана күтеміз», — дейді сотталғандардың бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.