«Денсаулық сақтау жүйесіне озық тәжірибелерді енгізу»

174
Бүгін Ақсай ауылдық округі Қайрат ауылының тұрғындарының қатысуымен аудандық орталық аурухананың қызметкерлері «Денсаулық сақтау жүйесіне озық тәжірибелерді енгізу» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Партия аудандық филиалының «Қайрат» бастауыш партия ұйымының төрайымы Роза Мұратаева : «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жолдаудағы үшінші бағдар – ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция. Әсіресе алдағы үш жылда резидентура бойынша бөлінетін грант санының 70 пайызға артатыны жағымды жаңалық болды.

Сондай-ақ медициналық оқу орындарының жанынан ауруханалар мен емханалар ашу студенттеріміздің тәжірибе алмасып, маман ретінде өсуіне жағдай жасайды. Бәсекеге қабілетті денсаулық саласының бірінші көрсеткіші – кәсіби мамандар, яғни білімді, тәжірибелі дәрігерлер. Президент осы мәселе төңірегінде нақты шешімдерді ортаға тастады. Жолдауда көп түйткілді мәселенің шешімі айқын көрініс тапқан. Әділетті қоғамның басты белгісі – әділетті тұрғындар. Жаңа Қазақстанның дамуы ең әуелі әр азаматтың өзіне тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн», — деді Роза Мұратаева.

Ал аурухана қызметкерлері: «Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңмен көшу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін құру, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мәселелері медицина саласына оң серпін беріп қана қоймай, халықтың денсаулығын нығайтуда және өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады», — деп атап өтті.

Бекболат Бақытжан Мұхитұлы «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.