Соғыс ардагеріне 3 млн берілді

151
Республика күніне орай Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы соғыстың соңғы сарбазының шаңырағына барып, ақсақалды алғаш рет елімізде аталып өтілетін мемлекеттік мерекемен құттықтады.
✅Ауылдастары бүгінде қарияға асарлатып үй салып беруде.
Табантасы төселіп, қабарғалары көтерілген баспанаға қолдау ретінде аудан басшысы облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Сағынтаевтың тарапынан 3 млн теңгенің сертификатын табыстады.
Ғасырға аяқ басқан Қасен Шанбаев Жеңіс сағатын соқтыруға үлкен үлес қосқан ардагер. Қысылтаяң шақты бастан өткерген жауынгердің аузынан «Құдай елімізді бейбітшіліктен айырмасын» деген тілегі түскен емес. Оқ пен оттан аман қалып, елге жеңіспен оралып, соғыстан кейінгі қиын-қыстау шақта елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардагер ауданымыздан майданға аттанған 9341 жауынгермен бірге сұрапыл соғыс жылдары толарсақтан су кешіп, ұрыс даласында қаһармандықпен көзге түсті.
Қасен Шанбаев 1923 жылы 19 қаңтарда Жамбыл ауданы Головачевка (қазіргі Айшабибі) ауылында дүниеге келген. 1935 жылы мектепке барып, 1942 жылы жетінші сыныпты бітіріп, Сол жылдың 19 қаңтарында әскерге алынған.
 Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.