Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің»алаңындаЖамбыл облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалының директоры Бақытжан Исақовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.Бақытжан Оразқұлұлы қордың соңғы 8 айда атқарған жұмысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Даму Қоры мемлекеттік қолдаудың жан-жақты және тиімді құралдарын енгізу арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік қаржы институты болып табылады. Сонымен қатар, Даму Қорының қолдауына бірқатар мемлекеттік және жеке меншік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді.Осылайша, бүгінгі күні Даму Қоры, төмендегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру операторы болып табылады:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы,
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы,
Өңдеу өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағдарлама,
«Береке» өңірлік бағдарламасы.
Бұл бағдарламалар ШОБ үшін қаржылық және қаржылық емес қолдаудың түрлі құралдарын