ТҰРҒЫНДАР ҚАЛА ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ

151
БҮГІН ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАЛА ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ
Бүгін, 2023 жыл 17 қыркүйек Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының тарихындағы тарихи сәт.
Сарысу аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 тамыздағы №44 шешімімен Жаңатас қаласының әкімін сайлау бекітілді.
Сайлау 7 учаскеде жергілікті уақытпен сағат 7:00-де мемлекеттік әнұранмен басталды.
Қалада 25 707 тұрғын болса, сайлаушылар 15 183. Қала тұрғындарына шақыру билеттері таратылды.
Жаңатастықтар әкім сайлауына таңнан келуде.
Бүгін Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының әкімінің сайлауы өтуде.
Сайлау №363, №364, № 365, №366, №367, №368, №369 сайлау учаскесінде жергілікті уақытпен сағат 07:00-де мемлекеттік әнұранмен басталды.
Абылайхан атындағы мектеп-лицейінде орналасқан №367 сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс берген имам Нұртілеу Бақбергенұлына сый-сияпат табысталды.
Сонымен бірге, барлық учаскеде алғашқы дауыс беруші сыйлықтар табысталды.
86 жастағы қария өз таңдауын жасады
Бүгін Жаңатас қаласының тұрғындары өз әкімдерін таңдауда. Сайлауға қатысушылар белсенді.
№364 сайлау учаскесіне 86 жастағы қария Байжұманов Қошан ақсақал келіп, өз таңдауын жасаса, №367-ші сайлау учаскесінде Рахметов Мағаз ақсақал келіп, өз дауысын берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.