Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

417

Жастар дегенде ойымызға әуелі еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы түседі. Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзінде терең мағына бар. Ал жастарымыздың бәсекеге қабілетті, өркениетке бейім болу керектігі күмән тудырмайды. Бүгінгі таңда қоғамда жас болса да талай белестерді бағындырып, өзін-өзі дәлелдеген жастар жетерлік.

Мемлекет басшысының тапсырмасының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамту. Сол себепті де тұр­ғындарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған. Яғни халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – негізгі міндет. 

Осыған орай 12 тамыз – «Халықаралық жастар күніне орай» Жаңатас қаласындағы Аудандық «Мансаптық орталығы» филиалында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге уақытша жұмыссыз (NEET) жастар және пробация есебінде тұрған жұмыссыз жастар қатысты. Жастардан болек 20-ға жуық қала тұрғындары келіп ақпарат алып қызығушылық танытты.

А. Пазылбеков, Сарысу аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры sarysu_jastary

Leave A Reply

Your email address will not be published.