Сарысуда сурет салу байқауы өтті

214

12 тамыз — Халықаралық жастар күні қарсаңында «Қауіпсіз қоршаған орта» тақырыбында жасөспірімдер арасында сурет салу байқауы өтті.
Байқауға сурет салуға ниетті шығармашыл жастар қатысып, қоршаған ортаны, әсем табиғатымызды бейнелейтін көркемөнер туындыларын салып шықты.
Байқауға «Балалар шығармашылық орталығы» директорының орынбасары, қолөнер, сурет салу шебері, «Artline» үйірмесінің жетекшісі А. Исаева төрелік етіп, қатысушылардың шығармашылығына сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысына сәйкес, І орынды Болат Бұлғын иеленсе,ІІ Шешенбаева Ақнұр,ІІІ Абдіқадырқызы Құндызай иеленді.

 

 

А. Пазылбеков,  Сарысу аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.