Баянауылда туристер аспалы жолдың ортасында тұрып қалған

52

Оқиға 29 қаңтарда Баянауылдағы тау шаңғысы курортында болған.

«Арқандағы роликтің үзілуіне байланысты аспалы жол тоқтап қалды, соның салдарынан алты адам аспалы жолда тұрып қалды», — деді ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.

«Гамма» ЖШС қызметкерлері Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларымен бірлесіп, шамамен бес метр биіктіктен төрт адамды аман алып шықты. Кейін екі адам 20 метр биіктіктен түсірілді.

https://stan.kz/bayanauilda-turister-aspali-zholdin-ortasinda-tyrip-kal-377168/

Leave A Reply

Your email address will not be published.