БАСҚАРМА БАСШЫСЫ Е.ЖИЕНҚҰЛОВТЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

63
Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!
Қадірменді сала ардагерлері!
Сіздерді ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесіздер.
Сондықтан Сіздердің еңбектеріңіз қашан да құрметке лайық! Барлықтарыңызға жемісті жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Ел экономикасын еселеу жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын.
Кәсіби мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.