«БалықFЕST» байқауы өтті

210

Байзақ ауданы, Мәдімар ауылдық округы, «Темірбек» су қоймасында “БалықFЕST» жарысы өтті. Турнирдің ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлы қатысушыларға сәттілік тілеп турнирді ашық деп жариялады.
Қатысушылар белгіленген ережелерді сақтай отырып, жарысқа қызу дайындықпен кірісті. Жарыс барысында барша қатысушылар өздерінің шапшаңдығын дәлелдей білді. Жарыстың басты мақсаты: демалыс уақытын тиімді пайдалана отырып, балық аулау мәдениетін қалыптастыру, әуесқой балықшылар арасында өзара тәжірибе алмасу, табиғатқа деген жанашырлықты және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануды, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

Аталмыш іс-шара барысында қатысушылар өздерінің әдісімен дайындалған балықты барша жиылған қауымға ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.